14 шілдеде «Атакент» көрме орталығы аумағында кезекті Жазғы жүгіру жарысы өтеді. Оған 10 жастан асқан 1000 спорт жанкүйері қатысады. Маусымдық жарыстар Орталық Азиядағы ең ауқымды жүгіру жарысы  - Алматы марафонына дайындық шеңберінде өтіп жатыр.

“Жазда Алматыда спортпен шұғылдануға барлық жағдай жасалған. Көшеге таңертең немесе кеште шығатын болсаңыз, ыстығы басылған қалада жүгіруден рахат алуға болады. Ал, жүгіруді спорттық алаңда бой жазумен аяқтасаңыз,  спорт залында толыққанды жаттыққандай әсер аласыз. Біздің іс-шараларымыздың нәтижесінде адамдар ашық ауада көбірек уақыт өткізіп, фитнес-клубтарға жазылып, өздерін жақсы қалыпта ұстап, денсаулықтарын нығайта түседі. Бүгінде дені сау болу және спортпен айналысу сәнге айналған.  Бұған қоса, деніміз сау болғанда, көңіл-күй жақсарып, өзіңізге деген сенімділік пайда болады, көптеген мәселелерге қатысты көзқарасыңыз өзгереді”, - дейді Алматы марафонының директоры Салтанат Қазыбаева.

 Жазғы жүгіру жарысына қатысушылар үшін 12 км (15 жастан үлкен жүгірушілер қатыса алады) және 3 км балалар қашықтығы (10-14 жас) тәрізді екі қашықтық дайын тұр. Мадақтау жас санаттары бойынша жүргізіледі: 12 км олар үш топқа бөлінген - 15-34 жас, 35-49 жас, 50+ жас; 3 км – 10-14 жас.

 

Тіркеу http://www.almaty-marathon.kz/ru/ жүргізіледі және 6 шілдеге дейін немесе қатысушылардың ең жоғарғы саны 1000 адамға жеткенге дейін жалғасады. Ұйымдастыру комитеті ақша төлемей тіркелу шараға қатысуға кепіл бола алмайтынына назар аударады. Қатысу құны: 12 км – 3000 теңге, 3 км – 1000 теңге.

Бірінші сөре балалар үшін таңғы сағат 8.30, ал 12 км қашықтыққа жүгіретіндер үшін 9.00 басталады.

 «Жаздың өз ерекшеліктері бар екені сөзсіз», - дейді велоспорт мектебінің жаттықтырушысы Никита Федотовских. Никита Алматы марафоны 2018 алдында ашық жаттығу сабақтарын өткізді. «Нағыз ыстық кезінде жүгірмеу керек. Ал, таңертең немесе кешке өзіңмен бірге су алып жүгіру -  ең дұрыс шешім. Жүгіруге саябақтар, өзен жағасындағы жолақтарды таңдап, ал автокөлік жолдарынан аулақ болыңыз. Ағаш жапырақтары мен су балғындық беріп, асфальт мен үйлерден шыққан ыстықты жұмсартады. Киетін киімге де мұқият назар бөлген жөн. Жүгірген кезде ауа-райына сай жеңіл, спортпен айналысу үшін арнайы матадан тігілген киім кию қажет. Сонымен біге бас киімді ұмытпаңыз. Егер күн батпаса, теріні қорғау жағын ойлаңыз. Күннен қорғайтын спрей немесе крем қолданыңыз. Ең бастысы, төзімді болыңыз. Егер бұрын ыстықта жүгірмесеңіз немесе бұрын-соңды мүлдем жүгірмесеңіз, бастапқыда қиын болуы ықтимал. Осы сезім бәрінен бас тартуға итермелеуі мүмкін. Алайда, қиындықты жеңуге ұмтылсаңыз, жүгіру тез уақытта сіздің өміріңіздің бір бөлшегіне айналады”.

Дұрыс жүгіру ережелерін білмейтін немесе жалғыз жүгіргісі келмейтін адамдар үшін Алматы марафоны Тұңғыш Президент Саябағында әр сенбі сайын таңғы сағат 10.00 кәсіби жаттықтырушымен арнайы бағдарлама бойынша ашық жаттығу сабақтарын бастады.  Жаттығу сабақтарына қатысу тегін.

Жарыс ұйымдастырушылары – «Бірінші болуға батылдық» Корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы мен  и Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.

Jañalyqtar
Taraz City Run: маусымның соңғы жарысы әлемнің 14 елінен 1500 қатысушыны жинады
Turkistan Marathon: әлемнің 21 елінен 3000 спортшы ежелгі қала көшелерімен жүгірді
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады