2018 жылғы  2 қыркүйекте «Алматы Арена» мұз кешенінде (Алгабас-1 ш/а) Алматы қаласы бойынша ІІ триатлон және балалар дуатлоны чемпионаты басталады. Бұл жас және жаңа бастаған спортшылар үшін өзін-өзі тексеруге, өз нәтижелерін жақсартуға керемет мүмкіндік.

Іс-шараның басталуы: 08.00. Марапаттау рәсімі: 13.00.

Ұйымдастырушылар: «Almaty Triathlon Federation» ҚБ, академик Шахмардан Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қоры, «Алматы Марафон», Алматы әкімдігі, «Алматы Арена», World Class Almaty, Дмитрий Гааг атындағы Триатлон мектебі.

Тіркеу: www.almaty-marathon.kz сайтында.Спортсмендерге арналған брифинг: «Алматы Арена», 2018 жылғы 1 қыркүйек, басталуы: 18.00

Чемпионатта екі дистанция мәлімделген:

1. Триатлон супер-спринт: жүзу 300 м, веложарыс 8 км, жүгіру 2 км.

2. Дуатлон: жүгіру 2 км, веложарыс 8 км, жүгіру 1 км.

Жас мөлшері санаттары:

Дуатлон:

7–9 жас

10-12 жас

Триатлон:

13-15 жас

15-17 жас

18-20 жас

21-23 жас

Чемпионат мақсаты:

- Триатлонды, сонымен қатар оған кіретін спорт түрлерін: жүзуді, велоспортты және жүгіруді дамыту және насихаттау

- Атлеттердің шеберлігін арттыру

- Бұл спорт түрі үшін дарынды балаларды анықтау

- Триатлон бойынша Алматы құрама командасын құру.

«Almaty Triathlon Federation» қоғамдық бірлестігі триатлонды және циклдік спорт түрлерін дамыту үшін 2017 жылы құрылған. Біздің миссиямыз – Алматы қаласында және Алматы облысында кәсіби триатлонды дамытуға және көпшілік триатлонды насихаттауға жәрдемдесу.

Триатлон – бұл оның қатысушылармен үш кезенді: жүзуді, веложарысты және жүгіруді үздіксіз және бірізді өтуден тұратын мультиспорттық жарыс. 2000 жылдан бастап триатлон Олимпиадалық ойындардың бағдарламасына кіреді.

Триатлон жайлы қызықты фактілер:

  • 2017 жылы ішінде триатлон бойынша әртүрлі дистанцияларда бүкіл әлем бойынша 210 мыңнан астам адам қатысты.
  • Қазақстан Республикасында спорттық резервті дайындау бойынша 26 триатлон бойынша жаттықтырушы жұмыс істейді.
  • Триатлонмен әртүрлі кәсіп иелері айналысады: Дженсон Баттон, Формула-1 жарысушысы, Александр Винокуров, олимпиадалық чемпион және «Астана» велокомандасының бас менеджері, Кәрим Мәсімов, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Дженнифер Лопес, америкалық әнші және әртіс және де көптеген адамдар.
  • 1985 жылдан бастап Халықаралық ұйым 3-тен 15 жасқа дейінгі балаларға арнайы IRONKIDS жарыстарды өткізеді.
Jañalyqtar
Серік Сәпиев пен Илья Ильин Astana Half Marathon жарысына параатлеттермен бірге қатысты
Astana Half Marathon 2026 шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд орнатты
Қазақстанда алғаш рет: Astana Half Marathon-да қайта өңделетін стақандар пайдаланылды