19 тамыз 2020

Біз Алматы марафоны мен Көктемгі жүгірудің сөрелік жинақтары мен медальдарын тегін жеткізуге арналған өтінімдерді қабылдауды жаптық.

Құрметті қатысушылар!

Егер сіз жеке кабинетіңізде мекен-жайыңызды уақытында көрсеткен болсаңыз, бірақ әлі де сөрелік жинағыңызды алмаған болсаңыз:

- Қазіргі уақытта шабармандық қызмет бос емес, сондықтан, өкінішке орай, барлық жеткізілімдерді уақытында орындауға үлгермей жатыр.

«Сәлемдемем қашан жеткізіледі?» деген сұрақтарға жауап бере алмаймыз — шабармандар жинақтарды бөлшектейді және мәртебені нақтылау мүмкіндігінсіз мекен-жайларға жібереді.
Мекен-жайыңызды сайттағы дербес ақпаратта толтырған болсаңыз — алаңдамаңыз, біз оны шабармандық қызметке тапсырдық. ӘРКІМ өз жинағын алады, бірақ күткендей тез емес.
Сәл күте тұруыңызды сұраймыз! Әр медаль өз иесін табады!

Егер сіз мекен-жайыңызды 16 тамызға дейін толтырмаған болсаңыз:

Алматы марафонының сөрелік жинақтары мен медальдарын тегін жеткізуге арналған өтінімдерді қабылдау 16 тамызға дейін жалғасқан болатын. Қазір бұл опция қолжетімді емес, біз тек өз деректерін уақытында көрсеткен қатысушыларға ғана заттарды жеткізумен айналысамыз.

Сөрелік жинағыңызды 27-28 тамыз күндері сағат 10.00-18.00 аралығында біздің кеңседен алып кете аласыз.

Егер сіз мекен-жайыңызды 16 тамызға дейін толтырмаған болсаңыз, Алматыда болмасаңыз:

Алматыда болмасаңыз, сіздің таныстарыңыз жеке куәлігіңіздің фотосуретін немесе көшірмесін көрсете отырып, сіздің сөрелік жинағыңызды ала алады.

Не болмаса, өз қаражатыңыз есебінен біздің кеңседен шабарман арқылы жеткізуді рәсімдей аласыз. Ол да 27-28 тамыз күндері сағат 10.00-18.00 аралығында.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля