Еліміздің ең үлкен жүгірісі жыл сайын сәуір айында өтеді. 2021 жылы сөре сызығында 17 мыңға жуық қатысушы күтілуде. Ұйымдастырушылар вирустың дамуы мен таралуын бақылауды жалғастырып жатқанын атап өтті.

— Біз жобаға дайындықты бастап кеттік және сәуір айында «Алматы марафонын» өткізу дәстүрін сақтап қаламыз деп үміттенеміз. Алайда, ағымдағы жағдайға байланысты біз барлық тәуекелдерді түсінеміз және Алматы қаласының әкімдігімен және Спорт басқармасымен үнемі байланыстамыз, барлық өзгерістер мен жаңалықтарға жедел ден қоямыз. Соған қарамастан, бүгінде спорт — азаматтардың иммунитетін сақтауға бағытталған маңызды салалардың бірі болып табылады. Біз ұйымдастырушылар ретінде өз тарапымыздан спортшылардың денсаулығын қорғау бойынша бірқатар шаралар әзірледік, - деп айтты «Алматы марафонының» директоры Салтанат Қазыбаева.

«Алматы марафоны» 2021 мерейтойлық болады. Ұйымдастырушылар үлкен мерекелік бағдарлама дайындауда, сонымен қатар барлық қауіпсіздік шараларын қабылдауға уәде береді.

– Біз ұйымдастырушылар болған соң, ең алдымен қатысушылардың денсаулығын ойлаймыз, - дейді «Алматы марафонының» операциялық директоры Иса Қалқа. - Жоларна жедел жәрдем көліктерімен, дәрігерлермен, тамақпен және сумен жабдықталатын болады. Біз әрқашан барлық қатысушыларды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және осындай оқиғаларға дайындалуға шақырамыз. Соның ішінде, біз пандемия жағдайында марафондар өткізудің халықаралық тәжірибесіне сүйенеміз және ең табысты тәжірибелерді қабылдайтын боламыз.

Сөреден үш ай бұрын барлық ниет білдірушілер үшін ашық тегін жаттығулар басталады. Оларды кәсіби жаттықтырушы жүргізеді. Нақты күні мен өтетін жері кейінірек жарияланады.

«Алматы марафоны» 2021 жарысына тіркелу жаңа жылда, 2021 жылғы 4 қаңтарда ашылады.

Жыл сайын «Алматы марафоны», жарыс аяқталғаннан кейін жүзеге асырылатын қайырымдылық мақсаттарды таңдайды. Биылғы жылы жарыстың тоқтатылуына қарамастан, барлық 5 қайырымдылық мақсаты толық көлемде жүзеге асырылды. Қазірдің өзінде 2021 жылға өтінімдер қабылдау басталды. Нысандарды таңдаудың негізгі өлшемшарттары: спорт алаңдары мен арнайы балалар мекемелеріндегі жабдықтарға деген мұқтаждық. Өтінімдер мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: info@almaty-marathon.kz.

Естеріңізге сала кетейік, «Алматы марафоны» 2020 жарысы коронавирус пандемиясының жариялануына байланысты тоқтатылды. Сондай-ақ, 2020 жылға жоспарланған барлық жарыстар тоқтатылды. Жүгіру жарыстарын ұйымдастырушылар барлық іс-шараларды онлайн режиміне ауыстырды. Соның ішінде, жыл сайынғы Алматы жартылай марафоны да онлайн-форматта өтті. Жыл соңына дейін «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры Алматыда тағы бір «Жарыс қаһарманы» онлайн-жүгірісін (14-15 қараша) өткізуді жоспарлап отыр. Оған тіркелу осы 26 қазанда ашылды.

Jañalyqtar
Taraz City Run: маусымның соңғы жарысы әлемнің 14 елінен 1500 қатысушыны жинады
Turkistan Marathon: әлемнің 21 елінен 3000 спортшы ежелгі қала көшелерімен жүгірді
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады