Сөресі Әл-Фараби даңғылындағы Тұңғыш Президент саябағының жанында, мәресі Абай даңғылындағы Орталық стадионда болады. Жарыс өтетін күні қаланың автожолдары жабылады.

Қатысушылар қашықтықтардың бірін жүгіріп өте алады:

  • Жартылай марафон 21,1 км,
  • Жүгіру 10 км,
  • Скандинавиялық жүріс 10 км,
  • Экиден командалық эстафетасы — 21,1 км-лік жалпы қашықтық 4 қатысушы арасында бөлінеді.

– Біз іс-шараны өткізуге ресми рұқсат алдық. Менің ойымша, бұл тек біздің қор үшін ғана емес, еліміздің жүгірушілер қоғамдастығы үшін үлкен жеңіс, — дейді «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қорының директоры Салтанат Қазыбаева. — Біз қалада жүгірістерді ұзақ уақыт бойы өткізе алмадық. Өткен жылы Алматы жартылай марафоны онлайн режимінде өтті, оның үстіне, жақында «Алматы марафонын» күзге ауыстыруға тура келді, себебі, оған 17 мың адам қатысуы керек еді. Алайда, жартылай марафон үлкен бұқаралық оқиға болмағандықтан. Сонымен қатар, карантин кезінде старттарды өткізу бойынша тәжірибеміз бар және ұйымдастыру кезінде қандай нәрселерге назар аудару керектігін, сондай-ақ спортшылардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ету керектігін білеміз.

Іс-шараға тіркелу және қатысуға ақы төлеу үшін almaty-marathon.kz сайтына кіріңіз. Қатысу құны — 7 000 KZT.

— Жаңалықтардан — биылғы жылы тек жүгірушілер ғана емес, скандинавиялық жүріс спортшылары да стартқа шығады. Бұл бағыт бүгінде белсенді дамып келеді. Жаяу жүрумен әртүрлі жастағы адамдар айналысады, — деп өз ойымен бөлісті Салтанат Қазыбаева. - Сондай-ақ, біз командалық эстафетаға тіркелу рәсімін аштық. Бұл, әсіресе, корпоративті қатысушылар үшін ыңғайлы. Қашықтықтар әлдеқайда қысқа болғандықтан, әр жүгірушіге шамамен 5 шақырымнан келеді. Сонымен бірге, бұл тимбилдингтің керемет түрі – бірлесіп дайындалу, жоспарды әзірлеу және жарысты еңсеру – осының бәрі ұжымды біріктіре алады.

Қашықтықты жүгіріп өткен барлық қатысушылар «мәреші» медалін алады. 21,1 км-лік қашықтықта ерлер мен әйелдер арасындағы үздік үштікке ақшалай жүлделер беріледі.

2020 жылдың тамыз айынан бастап әлемде санитарлық нормалар мен қауіпсіздік шараларды сақтай отырып, спортық жарыстар өтуде. Осылайша, жаппай әуесқой жарыстарға Ресей, Өзбекстан, Түркия, Қытай, Жапония және басқа елдер оралды.

 

«Алматы марафонын» ұйымдастырушылар: «Бірінші болу — батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, Академик Ш. Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қоры және мультиспорттық #Сеніңжаңақырың Youtube-арнасы.

Jañalyqtar
Taraz City Run: маусымның соңғы жарысы әлемнің 14 елінен 1500 қатысушыны жинады
Turkistan Marathon: әлемнің 21 елінен 3000 спортшы ежелгі қала көшелерімен жүгірді
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады