16 маусымда Қазақстанның астанасында спорт әуесқойлары үшін ең ауқымды жүгіру іс-шараларының бірі – Astana Half Marathon өтеді. Жарыс бағдары Астананың ең көрнекті де көрікті жерлерімен өтеді. Биылғы жылы әлемнің 20-дан астам елінен 6 000 атлет жарысқа қатысады. Жарысты 2012 жылдан бастап жыл сайын Орталық Азияның ең ірі Almaty Marathon жүгіру іс-шарасын және өзге де бірқатар әуесқой жарыстарды өткізетін «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырады.

Astana Half Marathon жарысы «EXPO 2017» көрмесіне арнап салынған әйгілі «Нұр Әлем» шарының алдындағы алаңда басталады. Қатысушылар қаланың орталық көшелерімен, елорданың жүрегі – Бәйтерек монументінің, «Хан Шатыр» сауда орталығының, Тәуелсіздік Сарайы мен Ботаникалық бақтың жанынан жүгіріп өтеді. Іс-шара  Халықаралық марафондар мен қашықтыққа жүгіру қауымдастығы  AIMS-ке енгізілген, ал  жартылай марафон бағыты World Athletics стандарттарына сәйкес сертификатталған.

«2022 жылдан бері «Бірінші болу – батылдық» қоры іс-шараларының географиялық ауқымы ұлғайып, Алматыны ғана емес, сонымен қатар Астана мен Түркістанды да қамтыды. Біз алдымызға өршіл мақсат қойып отырмыз: еліміздің жүгіру астанасы деп атауға лайық Алматыдағыдай жүгіруге деген сүйіспеншілікті Қазақстанның барлық түкпір-түкпірінде ояту. Біздің борышымыз – спорт пен белсенді өмір салтын насихаттау, сондай-ақ кез-келген жастағы және физикалық мүмкіндіктері бар адамдар үшін жүгіруді қолжетімді әрі тартымды ету», - деп түсіндірді «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Галимжан Есенов. 

2024 жылы жарыста 4 қашықтық ұсынылған: 21,1 км (жартылай марафон), 10 км, 10 км (скандинавиялық жүріс) және Экиден командалық эстафетасы. Айта кету керек, Astana Half Marathon өзінің тегіс трассасымен әлемнің түкпір-түкпірінен жүгірушілерді жинайды, ал бұл жеке рекордтарға қол жеткізуге деген тамаша мүмкіндік.

«Астана Half Marathon – бұл қаланың басты көрікті жерлерін жаңа қырынан көруге, отбасымен уақыт өткізуге және спорттық мереке атмосферасын сезінуге тамаша мүмкіндік, - деп атап өтті «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева. – Біз үшін іс-шараларды тек Алматыда ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінде де өткізу өте маңызды. Бұл елдегі туризм мен бұқаралық спорттың дамуына ықпал етеді».

Astana Half Marathon-да өз қашықтығын жүгіріп өткен барлық қатысушылар мәре сызығында медаль алады. Барлық қашықтықтың жас санаттарындағы жүлдегерлер, сондай-ақ абсолютті санаттағы жеңімпаздар серіктестер мен демеушілердің бағалы және ақшалай сыйлықтарымен марапатталады.

Қатысу үшін almaty-marathon.kzсайтында тіркеліп, қатысу ақысын төлеу қажет. Қатысу құны 21,1 км және 10 км қашықтықтары үшін 12 000 KZT, 10 км скандинавиялық жүріс қашықтығы үшін 10 000 KZT және Экиден эстафетасы үшін 144 000 KZT құрайды. Тіркеу 3 маусымда немесе қатысушылардың жалпы санына жеткенде аяқталады.

2024 жылғы 29 қыркүйекте өтетін Орталық Азиядағы ең ауқымды жүгіру жарысы –Almaty Marathon-ға тіркелу жалғасып жатқанын естеріңізге саламыз. Марафонға тіркелу almaty-marathon.kzсайтында қол жетімді. 

Jañalyqtar
Түркістан жүгірушілерді шақырады: Turkistan Marathon 27 қазанда өтеді
Almaty Marathon 2024: Орталық Азиядағы ең ауқымды жүгіру оқиғасы қалай өтті
Almaty Marathon 2024: 29 қыркүйекте Алматыдағы жолдардың бір бөлігі жабылады