4 тамызда Баум тоғайында өткен жарқын жазғы эстафетаға 800 жүгіруші қатысты. «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырған жаңа спорттық шараға 5 адамнан тұратын 160 команда жиналды. Қатысушылар саябақтың ең көрікті жерлері арқылы өтетін 10 шақырымдық қашықтықты бағындырды.

Жарыстың сөресі таңғы сағат 7:00-де берілді. Қашықтыққа бірінші болып « Women» және «Mixed» санаттарының қатысушылары шықты. Сәлден кейін сағат 9:00-де «Men» және  Business» санаттары сөреге шықты.

«Біз нақты мақсатпен жаңа жарыс форматын әзірледік: корпоративтік рухты нығайту және жаңадан адамдарды жүгіруге тарту. Әрбір қатысушы жүгірген екі шақырымдық қашықтық жүгіруді енді бастағандар немесе осы спорт түрінен бағын сынағысы келетіндер үшін өте қолайлы. Барлығы 10 шақырымды бағындырған әр команда жарысты нағыз командалық эстафетаға айналдырды», - деп атап өтті «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева. 

Все финишеры Summer Relay получили заслуженную награду – памятные медали. Участники единодушно отметили, что новый формат забега оказался просто находкой для корпоративных команд. Арайлым Джамалова, представитель команды Kaspi Girls, рассказала, что их компания выставила три команды: «Бег стал неотъемлемой частью моей жизни уже третий год подряд. Он заряжает меня энергией и помогает держать себя в форме. Новый забег произвел на меня огромное впечатление. Он идеально подошел для корпоративных команд».  

Trigada командасының мүшесі (төрт командадан құралған) Мархаба Рахматуллина эстафета тек дене шынықтыру ғана емес, жауапкершілік сынағы екенін атап өтті. «Мен өз күшіммен жүгіремін, мұндай жарыстар пікірлес адамдармен кездесудің тамаша мүмкіндігі. Мен 2021 жылдан бері «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қорының жарыстарына қатысып келемін. Баум тоғайына жаңа бағыт өте сәтті болды: салқындық пен көркем көріністер жағымды атмосфера туғызды. Әркім екі шақырым ғана жүгіретін формат толқуды арттырады: сіз өзіңіз үшін ғана емес, командаңыз үшін де жүгіресіз».

«Women» номинациясында 47:13 уақыт көрсеткішімен «Alay Lynxes» командасы жеңімпаз атанды. Одан кейін «Trigada» (48:05) және «Беговая кузница» (48:23) мәреге жетті.

«Mixed» аралас командалар арасында «Run Time Almaty – Kazakhmys – Miniso» командасы 32:26 нәтижемен біріншілікті жеңіп алды. Екінші және үшінші орындарды тиісінше «Yourt Tech» (33:13) және «BMAI Mix» (33:40) иеленді.

Ерлер арасында «MED 365» командасы жеңіске жетті (32:59). Оның артында «Run Time – Qulpynai Bakery» (33:32) және «GTC&Ханская» (34:19) орналасты.

Іскерлік санатта 39:13 есебімен «Halyk» командасы көш бастады. Одан кейінгі мәреге Kaspi.kz (40:54) пен Railways Team (41:56) жетті.

Әр номинация бойынша барлық жеңімпаздар дипломдармен, естелік мүсіншелермен және байқау серіктестерінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды. «Business» санатындағы жеңімпаздар қосымша кубокпен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды: бірінші орын – 400 000 теңге, екінші – 300 000 теңге, үшінші – 200 000 теңге.

Еске сала кетейік, Орталық Азиядағы ең ірі жарыс – Almaty Marathon осы жылдың 29 қыркүйегінде өтеді. Жарыс бағытының өзіндік тарихы бар аты аңызға айналған жолдың бойымен салынған. Қатысушылар Алматы көшелерімен жүгіріп өтіп қана қоймай, сонымен қатар асқақ таулардың көрінісін тамашалап, қаланың барлық көрікті жерлерін тамашалай алады. Almaty Marathon 2024-ке almaty-marathon.kz сайтында тіркелуге болады.

Титулдық демеуші: Kaspi.kz

Ұйымдастырушылар: «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры, «Krida» фитнес-клубы, Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Другой Ты мультиспорттық Youtube-арнасы.

Jañalyqtar
Taraz City Run: маусымның соңғы жарысы әлемнің 14 елінен 1500 қатысушыны жинады
Turkistan Marathon: әлемнің 21 елінен 3000 спортшы ежелгі қала көшелерімен жүгірді
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады