Түркі елдері Turkic Alliance of Long Runs жүгіру сериясында бірікті

Түркі елдерінде TAN ұзақ қашықтыққа жүгіру қауымдастығы құрылды. Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстандағы марафондар сериясының мәрешілері бірегей медаль мен халықаралық жүгіруші мәртебесіне ие болады. Жаңа серіктестік түркі мәдениеттерінің бірігуін және халықаралық спорттық туризмнің дамуын білдіреді.
Бес ірі жарыстың ұйымдастырушылары Орталық Азия мен Кавказ өңіріндегі Turkic Alliance of Long Runs (TAN) алғашқы жүгіру қауымдастығының құрылғаны туралы жариялады. TAN төрт елден келген марафоншыларды түркі мәдениетіне ену және өңірлік жүгіру қауымдастығын дамыту үшін біріктіреді.
TAN қауымдастығы өңірдің жарыстарын жаңа халықаралық деңгейге шығарады. Идеяның шабыттандырушылары – жыл сайын әлем бойынша мыңдаған қатысушыларды жинайтын SuperHalfs және Abbott World Marathon Majors, беделді марафон сериялары. Еуропалық SuperHalfs сериясы алты елде алты жартылай марафонға қатысып, супер жүгіруші мәртебесін алуды ұсынады. Ал аты аңызға айналған жеті Abbott World Marathon Majors 4 континентте элиталық марафоншыларды жинауда. 2022 және 2023 жылдардағы осы серияның жарыстарында Элиуд Кипчоге және Келвин Киптум әлемдік рекордтар орнатты.
TAN миссиясы — түркі халықтарының мәдени мұрасын сақтау және насихаттау, жүгірістер сериясы арқылы жүгірушілерді жаңа жетістіктерге жетелеп, көкжиектерін кеңейту.
TAN түркі елдерінің мәдени ерекшеліктері мен көркем бейнелі жолдарын біріктіреді. Түркі тілдерінде қауымдастық атауы «таң» және «күн шапағы» дегенді, бұл жаңа күннің басталуын және жеңістерге шабыт беруді білдіреді. Сондай-ақ, TAN айдентикасы бойынша жүгірудегі өңірлік көшбасшылардың жаңа серіктестігі мәдениеттер мен спорттық туризмді біріктірудің жаңа болашағын ашады.
TAN-ға қандай жарыстар кіреді?
Күні: мамыр, 2025
Ел: Баку, Әзірбайжан
2016 жылдан бастап Гейдар Әлиев қоры халық арасында спорттық инфрақұрылым мен салауатты өмір салтын дамыту үшін жартылай марафон өткізуде. Өткен жылы іс-шараға 18 мың жүгіруші қатысты. Олар Мемлекеттік Ту Алаңында басталып, «Желді жең» ұранымен астананың көрікті жерлерімен қызықты жолдан өтті. Іс-шара қала тұрғындары үшін де ашық: мұнда жыл сайын фан-аймақтар, ойындар мен концерттер өтеді.
«Баку әрдайым Түркі әлемі мен бауырлас түркі мемлекеттерін нығайтуға және дамытуға бағытталған жемісті және достық одақтарға бірігуді қолдайды. Ірі өңірлік жарыстардың бірігуі бірқатар себептермен түсіндіріледі: жаһандық демеушілердің коммерциялық қызығушылығы, енді ауқымды халықаралық іс-шараның бір бөлігі болып табылатын қатысушылардың қызығушылығы, сонымен қатар өңірдің ең әдемі қалаларына келгісі келетін қонақтардың қызығушылығы. Сонымен қатар, мен жергілікті жүгірушілердің дайындығы мен қатысу деңгейінің айтарлықтай артатынына сенімдімін, себебі, енді олар өңірдің үздік спортшыларымен бәсекелесуге тұрақты түрде мүмкіндік алады», — деді, Sport Marketing Group компаниясының бас директоры, Гейдар Алиев қор басқармасы төрағасының орынбасары (Baku Marathon) Аяз Ахмедов.
Күні: 21 қыркүйек, 2025
Ел: Бішкек, Қырғызстан
Bishkek Snow Leopard Run — астананың орталық көшелерімен таулар мен көрнекті жерлердің керемет көріністерімен өтетін Қырғызстанның басты жарысы. Оған — 3 жастан бастап кәсіби спортшыларға дейін 4,5 мыңнан астам адам және 20 ел қатысады. Іс-шара қар барыстары мен осал таулы экожүйелерді сақтауға назар аудара отырып, экологиялық миссияны жүзеге асырады.
«Бұл ерекше атмосферасы бар жарқын және қайырымдылық жарыс, мұнда қатысушылар тек спорттық іс-шарадан гөрі көп нәрсе жасай алады», — деді Nomad Sport бас директоры Арслан Малдыбаев.
Күні: 28 қыркүйек, 2025
Ел: Алматы, Қазақстан
Орталық Азияның ең ірі жарысы Іле Алатауының етегінде өтеді және жүгірушілерге ұзақ көтерілу мен тігінен түсу бойынша қызықты жарысты ұсынады. Халықаралық іс-шараға әлемнің 60 астам елінен 15,6 мың жүгіруші жиналады.
«Бірінші болу – батылдық» КҚ марафонын ұйымдастырушылар спорттағы инклюзия идеяларын насихаттап, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған қайырымдылық жобаларын іске асыруда. Almaty Marathon 2025 тіркелу ашық.
«TAN — бұл біріктіретін спорт, байланыстарды нығайту және біздің ортақ тамырымызға құрмет туралы. TAN аясында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Әзірбайжан марафондарының бірігуі: спорттық туризмді дамыту, халықаралық қатысушыларды тарту және жарыстарды ұйымдастыру деңгейін арттыру сияқты елдерімізге жаңа мүмкіндіктерді ашады. Бұл жоба марафондарымызды жаңа деңгейге көтереді, өңірлердің экономикалық дамуына, ұлттық көрікті жерлерді танымал етуге және халықтар арасындағы достықты нығайтуға үлесін қосады», – деді «Бірінші болу – батылдық» КҚ қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов.
Күні: 26 қазан, 2025
Ел: Түркістан, Қазақстан
2022 жылдан бастап марафон қатысушыларды Түркістанның, Қазақстанның рухани орталығының ежелгі тарихымен және заманауи өмірімен таныстыруда. Соңғы Turkistan Marathon-ға әлемнің 21 елінен 3 мың жүгіруші жиналды. Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттап, жергілікті экономикаға оң әсерін тигізуде. Бас ұйымдастырушы – «Бірінші болу – батылдық» КҚ, марафонды жергілікті әкімдік пен қаланы халықаралық деңгейдегі спорт орталығына айналдыруға дайын бизнес кеңінен қолдауда.
Күні: қараша, 2025
Ел: Самарқанд, Өзбекстан
2019 жылдан бастап Өзбекстанның мәдениет және өнерді дамыту қоры Samarkand Marathon халықаралық қайырымдылық жарысын өткізуде. Жарыс мәдениет және өнер нысандарының инклюзивтілігі мәселесіне қоғамның назарын аудару, салауатты өмір салтын насихаттау және Өзбекстанда спорттық туризмді дамыту жөніндегі міндеттерді шешуге көмектеседі. 2022 жылы Samarkand Marathon Abbott WMM Wanda age Group World Championship жас аралығы топтарында марафоннан әлем чемпионатының іріктеу жарыстарының тізіміне енді.
«Samarkand Marathon TAN ұзақ қашықтыққа жүгіру қауымдастығының құрамына кіргенін мақтан тұтады. Бұл аудиторияны кеңейтуге, халықаралық тұрғыдан танылуын арттыруға және басқа елдердің әріптестерімен байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Өзбекстанның бірегей мәдени мұрасы мен көркем бейнелі бағыттары серияға ерекше атмосфера мен өңірдің бай тарихымен танысуға мүмкіндік береді. Бірлескен күш-жігердің арқасында біз тек спорттық іс-шаралар сериясын ғана емес, тәжірибемен алмасу, спортты танымал ету және халықтар арасындағы достықты нығайту үшін платформа құрамыз. Біз бұл бастаманың бірегей тәжірибе беріп, жаңа жетістіктерге шабыттандыра отырып, барлық қатысушылар үшін ұмытылмас болатынына сенімдіміз», – деді Samarkand Marathon жүгіру сериясының кураторы Мирхан Сагитов.
Бүгінгі таңда бүкіл TAN сериясын аяқтау және мәрешілер медалін алу үшін қатаң уақыт шегі жоқ. Уақыт өте келе бұл тармақтың қайта қаралуы мүмкін.
TAN іске асыру механикасы
Бірінші өңірлік жүгіру сериясы қатысушыларға Әзірбайжанда, Қазақстанда, Қырғызстанда және Өзбекстанда 5 жүгіру жарысынан өтуді ұсынады. Барлық TAN жарыстарынан өткеннен кейін жүгіруші бірегей мәреші медаліне ие болады.
TAN — түркі жерлері арқылы біз бір адамдай жүгіреміз.
Қосымша ақпарат: Динара Исенова, dinara.i@almaty-marathon.kz.