2025 жылғы 16 наурызда Алматы қаласының Орталық стадионында (Абай д-лы) дәстүрлі қысқа және орта қашықтыққа жүгіру жарысы – Almaty Copa Run өтеді. Биыл жарысқа эстафета қосылды. Іс-шараға 18 жастан асқан 700 адам қатыса алады.

Жыл сайынғы жүгіру жарысы атлеттерге 100, 1000 және 3000 метрлік қашықтықтарда өз күшін сынап көру мүмкіндігін ұсынады. Әр қатысушы тиісті дайындықпен екі немесе одан да көп қашықтықта жүгіре алады. Сондай-ақ, биыл алғаш рет командалық жүгіріс әуесқойлары үшін Almaty Copa Run эстафетасы өтеді

 Almaty Copa Run «Бірінші болу – батылдық» КҚ ұйымдастырушысы бірқатар әуесқойлық жүгіру жарыстары арқылы жүгірушілерді біріктіреді.

«Бірнеше жыл қатарынан біз қысқа және орта қашықтықты ұнататын әуесқойлардан көптеген оң пікір алып келеміз. Өткен жылы ең көріністік қашықтықтарды, яғни 100, 1000 және 3000 метрлік қашықтықтарды қалдырдық, ал биыл 4 адамнан тұратын командаларға арналған Almaty Copa Run эстафетасын қостық, - деп атап өтті «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева. – Жүгірушілердің сүйікті Орталық стадионында пікірлес жандармен бірге жаңа рекордтарды күтетін боламыз. Бұл ерекше жүгіріс мерекесі болмақ». 

Almaty Copa Run жүгірісінде қашықтықты аяқтаған барлық қатысушыларға мәреші естелік медалі табысталады. Ерлер мен әйелдер арасында әртүрлі жас санаттарындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді бірегей медальдар мен құрмет грамоталары күтіп тұр.

Almaty Copa Run эстафетасына 4 адамнан тұратын командалар (кем дегенде бір әйел) қатыса алады. Бірінші қатысушы 800 метрлік, екіншісі 400 метрлік, үшіншісі 200 метрлік, төртіншісі 100 метрлік қашықтықты жүгіреді. Алғашқы үш орынға 250 000, 150 000 және 100 000 KZT көлемінде берілетін ақшалай жүлделер қарастырылған. 

Тіркелу almaty-marathon.kz сайтында ашық. Жеке қатысушылар үшін қатысу құны – 8 000 KZT, эстафета үшін – 30 000 KZT. Тіркелу 3 наурызға дейін немесе 700 қатысушыға жеткенше жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, Almaty Half Marathon және Almaty Marathon марафонына да тіркелу ашық. Толық ақпаратты almaty-marathon.kz сайтында табуға болады.

Жүгірістің титулдық серіктесі: COPA RUN спорттық тауарлар дүкені.

Ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «Krida» фитнес-клубы, академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.

Jañalyqtar
Біріктіретін жүгіріс: Almaty Half Marathon 20 сәуір күні өтеді
Жылдамдық үшін жүгіру: Төртінші Almaty Copa Run қалай өтті
Almaty Copa Run: Орталық стадиондағы жылдам жарыстар