Қауіпсіз сөре: тексеруден және чекаптан қайда өтуге болады

Марафон – адам ағзасы үшін үлкен сынақ. Жарыс кезінде жүрек орта есеппен өз мүмкіндігінің 75–85%-да жұмыс істейді, буындар 30 мыңға дейін соққы жүктемесін көтереді, ал бұлшықеттер гликоген қорының барлығына жуығын жұмсайды. Тіпті 10 км немесе жартылай марафон да – ағзаға айтарлықтай салмақ түсіреді, сондықтан кез келген қашықтыққа дайындық маңызды.
Сенімді түрде сөреге шығу үшін чекаптан (алдын ала тексеру) өтіп, денсаулық жағдайын бағалауға кеңес береміз. Almaty Marathon-ның ресми медициналық серіктестері әртүрлі нұсқалар ұсынады – біз негізгісін жинап, олардың айырмашылығын түсіндірдік.
KAZMED
KAZMED клиникасы марафоншыларға арналған арнайы чекаптар ұсынады: 42,2 км, 21,1 км және 10 км қашықтықтары үшін. Тексеруден бір күнде өтуге болады, ең дұрысы – сөреге бірнеше апта қалғанда.
Чекап не үшін қажет?
- Шамадан тыс шаршау, бас айналу және жүрек соғысының өзгеру себептерін анықтау;
- Ағзаны жоғары жүктемелер мен жаңа спорттық нәтижелерге дайындау;
- Жаттығулар мен жарыстан кейін қалпына келуді тиімдірек үйрену;
- Жүрек, бұлшықет және қалқанша без жағдайын бағалау.
Марафонға арналған чекап (42,2 км)
Қамтиды:
- Терапевт пен кардиолог кеңесі;
- Зертханалық талдаулар (23 зерттеу);
- Аспаптық диагностика (ЭКГ, ЭхоКГ, валеоскан);
- Озонотерапия (7 күн);
- Қорытынды мен жеке ұсыныстар.
Бағасы: 96 200 ₸ (151 000 ₸ орнына).
Жартылай марафонға арналған чекап (21,1 км)
Қамтиды:
- Дәрігерлік тексеру;
- Зертханалық талдаулар (15 зерттеу);
- Аспаптық диагностика (ЭКГ, валеоскан);
- Озонотерапия (5 күн);
- Қорытынды мен жеке ұсыныстар.
Бағасы: 70 920 ₸ (115 600 ₸ орнына).
10 км-ге арналған чекап
Қамтиды:
- Терапевт кеңесі;
- Зертханалық талдаулар (11 зерттеу);
- ЭКГ / ВАЛЕО-диагностика;
- Озонотерапия (3 күн).
Бағасы: 46 340 ₸ (81 300 ₸ орнына).
Байланыс нөмірі:
+7 700 511 10 17
+7 700 511 10 18
TRINITY CORP
Спорттық клиника екі пакет ұсынады: START және PRO. START – жаңадан бастағандар мен үзілістен кейін қайта жүгіретіндерге, ал PRO – тәжірибелі жүгірушілерге арналған.
Чекап не үшін қажет?
- Жаттығу мен жарысқа рұқсат алу;
- Ағзаны патологияларға тексеру;
- Артық жүктеме мен жарақат қаупінен сақтану;
- Тиімді жаттығу үшін нақты жүрек соғысы аймақтарын анықтау;
- Жүрек, өкпе, жүйке жүйесі мен дене құрамын тексеру.
START чекабы
- Жүрек УЗИ;
- Тредмил-тест немесе ЭКГ (жүктемемен);
- ЭКГ тыныштықта;
- Спорттық дәрігердің кеңесі;
- Іш қуысы ағзаларының УЗИ;
- ЭЭГ (30 мин);
- Спирография;
- InBody дене құрамын талдау.
Бағасы: 67 000 ₸ (75 000 ₸ орнына).
Клубтық жеңілдік 10–20%.
PRO чекабы
- Жүрек УЗИ;
- Эргоспирометрия (шыдамдылыққа стресс-тест және нақты жүрек соғысы аймақтары);
- ЭКГ тыныштықта;
- Спорттық дәрігердің кеңесі;
- Іш қуысы ағзаларының УЗИ;
- ЭЭГ (30 мин);
- InBody дене құрамын талдау (сыйлық).
Бағасы: 84 000 ₸ (92 000 ₸ орнына).
Клубтық жеңілдік 10–20%.
Байланыс нөмірі:
+7 775 849 55 55


