28 қыркүйекте Almaty Marathon он төртінші рет өтті. Сөре-мәре қалашығында ана мен бала бөлмесі орнатылды, ал әйелдер дәретханаларында гигиеналық құралдар жиынтығы пайда болды. Бұл жаңа ережелер марафондарға әйелдердің қатысуын кеңейту бойынша «Бірінші болу – батылдық» ҚҚ стратегиясының бөлігіне айналды.

Әсіресе кішкентай баламен жүгіретін ана болу қиын болды. Жаңа арнайы ана мен бала бөлмесімен Almaty Marathon белсенді әйелдерді қолдады және балалармен марафонға қатысуын жеңілдетті. Барлық қажетті заттар болды: екі нәрестені құндақтау үстелі, жайлы емізуге арналған шымылдығы бар кресло, тегін жөргектер, майлықтар мен жаялықтар, шарлар және жайлы және мерекелік сезімге арналған ішкі брендинг.

«Жыл сайын Almaty Marathon-ға әйелдер көп қатысуда және біз әрқайсысының мүмкіндігінше ыңғайлы және қауіпсіз жүгіруге мүмкіндігінің болғанын қаладық. Өткен жылы 6390, бұл жылы 7111  әйел тіркелді, бұл қатысушылардың 44,4 пайызын құрайды. Әркім өз мақсатына жетсін, ал біз ол үшін жағдай жасадық», — деді Almaty Marathon race-директоры, trigada әйелдер жүгіру қауымдастығының негізін қалаушы Салтанат Қазыбаева.

Марафон қалашығында қосымша жеке гигиена құралдарымен арнайы әйелдерге арналған дәретханалары ашылды. Almaty Marathon-ның әр қатысушысы алаңдамай жүгіре алады және қажет болған жағдайда, төсемелері мен тампондары бар жиынтықтарды пайдалана алады.

Естеріңізге сала кетсек, Almaty Marathon – Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру оқиғасы, оның аясында 2012 жылдан бастап 300 млн теңгеден астам сомаға 30-дан астам қайырымдылық жобасы іске асырылды. Он төртінші марафон 60 елден 16000-нан астам қатысушыны жинады. Жарыс басталғанға дейін екі жаңа рекорд орнатылды: шетелдік жүгірушілер саны 1300 адамнан асты, ал марафонға 42,2 км қашықтықта 1500 қатысушы қатысты.

Jañalyqtar
Рекордтар жылы: City Run 2025 жылдың ең ірі жүгіру маусымын қорытындылады
Turkistan Marathon шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд орнатты
Трассадағы гидратация және тамақтану: нені білу қаже?