Ауа-райының қатты ыстық болуына байланысты Summer Relay ұйымдастырушылары жарыстың бас дәрігері Рушангүл Ахановамен келісім бойынша балалар жарысының қашықтықтарын қысқарту туралы шешім қабылдады:

– 4–8 жас – 500 метрдің орнына 200 метр;
– 9–11 жас – 1 000 метрдің орнына 500 метр;
– 12–14 жас – 2 000 метрдің орнына 1 000 метр.

Өзгерістер тек балалар жарысына қатысты. Ересектер арасындағы эстафетаның қашықтығы өзгеріссіз қалады.

Ата-аналарға балаларға жеңіл, ашық түсті киім мен бас киім кигізу, сондай-ақ су ішу тәртібін сақтау ұсынылады: жарыс басталғанға дейін және мәре сызығын кесіп өткеннен кейін балаға суды аз-аздан ұсынған жөн. Егер қатысушының жағдайы нашарласа, ол дереу тоқтап, медицина қызметкерлеріне жүгінуі қажет.

Бұл шешім Summer Relay жарысына қатысудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балаларға тек жағымды әсер сыйлау мақсатында қабылданды.

Jañalyqtar
Summer Relay 2026: аптап ыстыққа байланысты балалар қашықтықтары қысқартылады
Жаңа бағыт пен кешкі сөре: Алматыда Summer Relay 2026 өтеді
Алматы облысында өтетін Tau Jarys сөресіне 1 500 қатысушы шығады