Бүгін Алматыдағы Баум атындағы тоғайда жыл сайынғы «Жазғы жүгіру» - жаздың ең басты жүгіру оқиғасы болып өтті. Жүгіру тұрақты түрде 2015 жылдан бастап өткізіледі және дәстүрлі түрде сәуір айында өтетін қайырымдылық «Алматы марафонына» дайындық кезеңі болып табылады.  Жүгіруді «Алматы марафоны» командасы, Алматы қаласы әкімінің, сондай-ақ, Іле-Алатау ұлттық паркінің  қолдауымен Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры ұйымдастырды. Жарыстың басты серіктесі болып VI «Алматы марафоны» мен 2017 жылдың барлық маусымдық жүгірулерді қолдайтын – Kaspi табылады.



Жарысқа 650 астам адам қатысты, соның ішіндегі 50 адам –10 -14 жастағы жүгіруді жақсы көретін жас әуесқойлар. Балалар қашықтықтағының (2 км) жеңімпаздары: Переверзев Владислав және Цурикова Екатерина болды. Ер адамдар арасында 15 км қашықтықта алғашқы болып мәреге жеткендер: Красилов Михаил (15-34 жас), Абылханов Рауан (35-49 жас), Пащенко Юрий (50+жас). Әйелдер арасында ең жақсы нәтиже көрсеткендер: Ишангулыева Мерджен (15-34 жас), Кабидолданова Асем (35-49 жас), Асанова Любовь (50+жас). Командалық эстафетада «Алтын» алған команда Double K болды. Жүгіруге 30 команда қатысты. Барлық нәтижелермен осы жердетанысып шығуға болады.

- Біз «жазғы жүгіруді» міне үшінші рет өткізіп отырмыз, адамдар тарапынан оған деген қызығушылық күннен-күнге арта түсуде. Осы жылы сөреге былтырғы жылға қарағанда 100 көп қатысушы қатысты.  Тоғайдың өзі жалпы алғанда үлкен емес, сондықтан біз осы жарыстар үшін қатысушылар санына шектеу қойдық. Біз жаңа ғана жазғы жүгіруді өткіздік, іле-шала күзге дайындыққа кірісіп те кеттік, ол қараша айында өткізіледі – деп «Алматы марафоны» директоры  Салтанат Казыбаева айтты.


 

Барлық қатысушылар дәстүрлі түрде мәрелік төсалқалар алды, ал жеңімпаздарға жүлделі төсалқалар, мақтау қағаздары мен «Алматы марафоны» серіктестерінен:

«Алматы марафонының» барлық спорттық оқиғаларына қолдау көрсететін құрметті жүлделі серіктес – Oriflame компаниясынан.

Өзінің бірегей өнімдерін ұсынған Tayga8 компаниясынан,

Балалар жүгіруіне қатысқан қатысушыларға сыйлықтар ұсынған Happylon,

Сөзсіз жеңімпаздарға экслюзивті футболкаларын ұсынған EZ компаниясынан,

Саны бойынша үшінші «Жазғы жүгіруді» ұйымдастыруға ат салысқан World Class Almaty фитнес-клубынан естелік сыйлықтар берілді.

Жеңімпаздардан басқа жас ерекшеліктегі санаттар арасында «Жазғы жүгірудің» жалпы жүлде қорын - 180 000 теңгені өзара ұтыс ойнатқан абсолютті есепте жеңімпаздар анықталды.

Халықаралық қайырымдылық «Алматы марафоны» Халықаралық марафондар мен қашықтыққа жүгіру қауымдастығының (AIMS) мүшесі болып табылады және Орталық Азияның ең жаппай спорттық шарасы болып табылады. Алғашқы рет ол 2012 жылы өткізілді. «Алматы марафоны» аясында жыл сайын спорттың әр түрлерінен 20 астам жарыс өтеді.

 III «Жазғы жүгірудің» фотоальбомы Facebook желісінде
 III «Жазғы жүгірудің» фотоальбомы Vkontakte желісінде

Jañalyqtar
Taraz City Run: маусымның соңғы жарысы әлемнің 14 елінен 1500 қатысушыны жинады
Turkistan Marathon: әлемнің 21 елінен 3000 спортшы ежелгі қала көшелерімен жүгірді
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады