Сенбі, 17 наурыз,  Алматыда Алматы Марафон командасының ұйымдастырылуымен Екінші Көктемгі жүгіріс өткізілуіне байланысты Әл-Фараби даңғылы жабылады. Автокөліктердің қозғалысы Қозыбаев көшесінің сол жақ бөлігінен Мұстафин көшесіне дейін шектелетін болады.

Қозғалыс сағат таңғы 6.30-дан 12.00-ге дейін марафон дистанциялары өтетін жерлерде автокөлікпен жүру уақытша тоқтатылады.

«Осы жылы Екінші Көктемгі жүгіруге шамамен 1000 қатысушы тіркелген. Бұл Алматы Марафон спорттық іс-шарасына жыл сайынғы финалдық дайындық.

Көктемгі жүгірісті өткізуге байланысты Әл-Фараби даңғылы жартылай жабылады. Біз, іс-шараны ұйымдастырушы ретінде қала тұрғындарынан және қала қонақтарынан бұл күнді жоспарлау кезінде осыны назарға алуын сұраймыз», - деп ескертті Алматы Марафонның директоры Салтанат Казыбаева.

Жарыстың есептелген уақыты аяқталған соң, сағат түскі 12.00-де қозғалыс толық қалпына келтіріледі деп белгіленуде. 

Jañalyqtar
Алғашқы жүгіру жарысына дайындық: Astana Half Marathon қатысушыларына арналған практикалық нұсқаулық
Astana Half Marathon 2026: мерейтойлық бесінші жартылай марафонға әлемнің 30-дан астам елінен 7 000 қатысушы жиналады
Almaty Half Marathon-да рекордтық көлемде шикізат жиналды