2024 жылдың 16 маусымында Астанада ең ауқымды жүгіру шарасы – Astana Half Marathon үшінші рет өтті. Бұл жарысқа әлемнің 37 елінен 6 мыңнан астам адам қатысты. Жарыстың ең жас спортшысы 15 жаста, ал ең ересек қатысушы 76 жаста болды. Жарыстың ұйымдастырушысы 2012 жылдан бастап жыл сайын Орталық Азиядағы ең ірі Almaty Marathon жүгіру іс-шарасын және басқа да бірқатар әуесқой сөрелерді өткізетін "Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қоры болып табылады.

Сөре «EXPO 2017» көрмесіне арнап салынған әйгілі «Нұр Әлем» шарының алдындағы алаңда берілді. Қатысушылар қаланың орталық көшелерімен, елорданың жүрегі – Бәйтерек монументінің, «Хан Шатыр» сауда орталығының, Тәуелсіздік Сарайы мен ботаникалық бақтың жанынан жүгіріп өтті.

«Биыл 6000-нан астам адам Астанада өткен жартылай марафонға қатысты, бұл қатысушылардың саны бойынша өткен жылғы көрсеткіштерден едәуір асып түсіп, рекордты жаңартты. Astana Half Marathon біздің құндылықтарымызды бөлісетін адамдарды біріктіре отырып, барған сайын танымал шараға айналуда. Жолда әр түрлі жастағы, жыныстағы және әртүрлі қажеттіліктері бар жүгірушілерді көруге болады, бұл біздің жарыстың инклюзивтілігін көрсетеді. Қатысушылардың рекордтық санынан бөлек, іс-шара компаниялардың атсалысуы бойынша өсуі байқалды. Биыл 50 ұйым 500 – ге жуық жүгірушіні қатыстырды, бұл бизнестің осы маңызды оқиғаға қатысуының артып келе жатқанына көз жеткізді», - деп түсіндірді «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов. 

Жарыста барлық қатысушыларды қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит, Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев және University Medical Center медициналық директоры Гүлмира Рапильбекова қарсы алды.

Айта кетсек, жарыс бағыты Халықаралық марафондар мен жүгірулер қауымдастығымен ресми сертификатталған, бұл іс-шараның үлкен халықаралық сөре екендігін дәләлдейді.

Бірінші болып таңғы сағат 6:35-те 10 шақырымға жүгірушілер, скандинавиялық жүрістегі мен арбадағы қатысушылар жүгірді

Сағат 7:00-де жартылай марафоншылар сөреге шықты. Ерлер арасында 21,1 шақырымдағы жеңімпаз ресейлік Михаил Кульков болды. Оның мәре сызығын кесіп өту уақыты – 1 сағат 8 минут 57 секундты құрады. Одан кейін қазақстандық Дарын Қонысбаев (1:09:08), үшінші болып Өзбекстаннан келген Нодирбек Муталипов (1:09:23) келді. Әйелдер арасында ең жылдам беларуссиялық Светлана Куделич болды, ол 1 сағат 19 минут 47 секундта мәреге жетті. Өзбекстаннан келген Азиза Мырзакбарова екінші орында (1:21:45), Өзбекстаннан келген Мадинабону Комилов үшінші орынды (1:23:19) иеленді.

21 шақырым абсолютті есептегі көшбасшылар ақшалай жүлде қорын өзара бөлісті: бірінші орын үшін ерлер мен әйелдер арасындағы жеңімпаздар 500 000 теңгеден, екінші орын үшін – 450 000 теңгеден, үшінші орын үшін – 400 000 теңгеден алды. Жас санаттарындағы жеңімпаздар (10 км және 21,1 км) серіктестерден сыйлықтар алды.

Экиден қашықтығының жеңімпаздары Алматыдан келген Run time командасы болды. Командалық эстафетада абсолютті біріншілікте жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды: 1 орын – 250 000 теңге, 2 орын – 200 000 теңге, 3 орын – 150 000 теңге.

«Жартылай марафонға қатысушылар саны тұрақты түрде өсіп келуде. қатысушылардың географиясы да кеңейді, жарысқа әлемнің 37 елінен келген спортшылар қатысты. Қатысушылардың көпшілігі көршілес Ресей мен Қырғызстаннан. Алыс елдерден – АҚШ-тан 9 жүгіруші, сондай-ақ Филиппин, Қытай, Беларусь, Италия, Әзірбайжан, Түркия, Финляндия, Оңтүстік Корея, Чехия, Швеция және Польшадан келген жеңіл атлеттер қатысты. Біз үшін мұндай іс-шараларды тек Алматыда ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінде де өткізу өте маңызды. Бұл елімізде туризм мен бұқаралық спорттың дамуына ықпал етеді», - деді «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева. 

Жартылай марафон «Другой ты» YouTube арнасында және Sport Plus Qazaqstan телеарнасында тікелей эфирде өтті. 

Сонымен қатар, жартылай марафонға 15 жастан 76 жасқа дейінгі спортшылар қатысты. Ең ересек қатысушы 76 жастағы Амегульсин Мұсылманов болды. 

Еске сала кетсек, 2024 жылдың 29 қыркүйегінде (жексенбі) Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру жарысы – Almaty Marathon өтеді. Әлемнің 50-ден астам елінен келген спортшылар жыл сайын қаланың ең маңызды әрі көрікті жерлерімен жүгіретін болады. Алматыдағы Марафон – бұл жүгіру ғана емес, адамдарға көмек көрсету. Almaty Marathon ұйымдастырушылары жыл сайын сөрелік жарналардан түскен ақшаның бір бөлігін спорттық инфрақұрылымға мұқтаж жандарға арнап жұмсайды. 2024 жылы Алматыда марафон 13-ші рет өткізіледі. Іс-шараға тіркелу almaty-marathon.kz сайтында ашық.

Astana Half Marathon бас серіктесі: Halyk Bank

Astana Half Marathon ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «Krida» фитнес-клубы, Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Другой ты мультиспорттық Youtube-арнасы.

Jañalyqtar
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады
Түркістан жүгірушілерді шақырады: Turkistan Marathon 27 қазанда өтеді
Almaty Marathon 2024: Орталық Азиядағы ең ауқымды жүгіру оқиғасы қалай өтті