2026 жылғы 15 ақпанда Алматыда «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастыратын дәстүрлі қысқы Winter Run жүгіру жарысы өтеді. Биыл бұл шара он екінші рет өткізіліп, 2 500 қатысушыны жинап, жүгіру маусымының ашылуын тағы да атап өтпек.

Winter Run трассасы таулар көрінісі ашылатын, алматылық жүгіру жарыстарының қатысушыларына жақсы таныс кең қалалық бағыт – әл-Фараби даңғылы бойымен өтеді.

«Біз жыл бойы спортпен шұғылдану маңызды деп санаймыз, сондықтан барлық жарыстарымыз бен қосымша белсенділіктеріміз соған мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастырылған. Қысқы жарыс бүкіл жыл бойына ырғақ береді және маусымның басты оқиғасы – 2026 жылғы 27 қыркүйекте өтетін Almaty Marathon-ға дайындықтың алғашқы қадамына айналады», – деп атап өтті «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов.

Winter Run-ға дайындық қатысушыларға жаттығу үдерісіне жайлы кірісуге, өз мүмкіндіктеріне сай қашықтықты таңдауға және жылдың кез келген мезгілінде, тіпті қыста да жүгіруге болатынын сезінуге көмектеседі. Бағдарламада 15 жастан асқан қатысушылар үшін 10 км, скандинавиялық жүріс форматындағы 7 км және 10-14 жас аралығындағы балалар үшін 3 км қашықтық қарастырылған.

Барлық қашықтықтардың сөресі мен мәресі әл-Фараби даңғылы бойындағы «Нұрлы Тау» бизнес-кешенінің маңында өтеді. Тіркелу almaty-marathon.kz сайтында қолжетімді.

Айта кетейік, 2026 жылы «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры саналы қатысу мен жүйелі дайындыққа негізделген жарыстар сериясын өткізеді. Олардың қатарында Winter Run, Summer Relay, City Run, Copa Speed Race 10K, Tau Jarys, Almaty Half Marathon, Astana Half Marathon, Turkistan Marathon, сондай-ақ жылдың басты оқиғасы – 2026 жылы 15-ші рет өтетін Almaty Marathon бар.

Almaty Marathon және Almaty Half Marathon жарыстарына тіркелу ашылды. Жарыстардың толық күнтізбесі Almaty Marathon сайтында қолжетімді.

Jañalyqtar
Winter Run әл-Фараби даңғылына қайта оралады: 15 ақпанда Алматыда жүгіру маусымы басталады
22 марафоншы алғаш рет TAN сериясындағы барлық бес түркілік жүгіру жарысын толық аяқтад
Рекордтар жылы: City Run 2025 жылдың ең ірі жүгіру маусымын қорытындылады