Алматыда экологиялық плоггинг-жүгіріс өтті. Іс-шара Қазақстандағы ең ірі жүгіру жарыстарын, соның ішінде Almaty Marathon жарысын ұйымдастыратын «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының Community Almaty Run жобасы аясында ұйымдастырылды.

Іс-шараға 50-ден астам адам қатысты. Қатысушылар қала ішінде жеңіл жүгіріске шығып, маршрут бойы қоқыс жинады, осылайша физикалық белсенділікті қоршаған ортаға қамқорлықпен ұштастырды. Мұндай формат қарапайым әрі түсінікті әрекеттер арқылы адамдарды экологиялық күн тәртібіне тартудың тәсілі ретінде бүкіл әлемде танымал болып келеді.

Айта кетейік, Community Almaty Run жобасы бір жылдан астам уақыт бойы дамып келеді. Осы уақыт ішінде жоба қалалық жүгіру қауымдастығының ажырамас бөлігіне айналып, дайындық деңгейі әртүрлі қатысушыларды – жаңадан бастаушылардан бастап тұрақты жаттығатын жүгірушілерге дейін – біріктірді.

Әр жексенбі сайын қатысушылар тегін жүгіру жаттығуларына жиналады. Жүгіру баршаға қолжетімді, жайлы әңгімелесу қарқынында өтеді. Кездесулер денсаулық пен қалпына келу, жүгіру техникасы және өмір салты сияқты пайдалы тақырыптардағы дәрістермен аяқталады.

«Бірінші болу – батылдық» қоры бұқаралық спортты насихаттап, денсаулық пен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

2019 жылдан бастап қор ұйымдастыратын жарыстарда қалдықтарды бөлек жинау жүйесі енгізіліп, экологиялық ұйымдармен жүйелі ынтымақтастық орнатылды. «Жылу» жобасы аясында қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға арналған киім-кешек жиналады. Заттарды қабылдауға арналған жәшік Ботаникалық бақтың жанында орналасқан және тәулік бойы қолжетімді. Ал ірі жүгіру жарыстары күні киімді жарыс алдында немесе қоршауларға қалдыруға болады – еріктілер оны мұқият жинап, мұқтаж жандарға жеткізеді.

Сонымен қатар, қор іс-шаралардың экологиялық жүктемесін азайтып келеді – бір реттік құрылымдардан бас тартып, экологиялық материалдарға көшуде және баспа өнімдерінің көлемін қысқартуда.

Jañalyqtar
Almaty Half Marathon-да рекордтық көлемде шикізат жиналды
Almaty Half Marathon 2026: көктемнің ең ауқымды жүгіру жарысы қалай өтті
Алматыда өткен жартылай марафонда Қытайдан келген қатысушы жарыс жолының жаңа рекордын орнатты