27 маусымда Алматы облысында жыл сайын өтетін ойлы-қырлы жерлерде жүгіру және қала сыртындағы Tau Jarys отбасылық фестивалі өтеді. Бұл – «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен өтетін, 1500 адам қатысатын төртінші тау жарысы.

Жарыс дәстүрлі түрде Алматыдан бір сағаттық жерде орналасқан «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде өтеді. Кешеннің көркем табиғаты мен жайлы жері жақындарыңызбен белсенді демалыс өткізуге таптырмас мүмкіндік береді. Іс-шара бағдарламасына 2, 6 және 12 км қашықтықтар, сондай-ақ 6 және 12 км скандинавиялық жүріс бойынша жарыстар кіреді. Қонақтар үшін музыкалық және ойын-сауық түрлері қарастырылған. 

«Tau Jarys біз үшін бірнеше маңызды бағытты біріктіреді: спорт, отбасылық демалыс және белсенді өмір салтын насихаттау. Біреулер үшін бұл – ойлы-қырлы жермен өтетін алғашқы жарыс, енді біреулер үшін – таулы жерде өзін сынап көру мүмкіндігі, ал қонақтар үшін – үлкен табиғат аясындағы спорттық іс-шараның атмосферасын сезіну. Біз мұндай жүгіру жарыстары Қазақстанда белсенді демалыс мәдениетінің бір бөлігіне айналғанын қалаймыз», деп атап өтті Орталық Азиядағы ең ірі Almaty Marathon жарысының ұйымдастырушысы «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.

Tau Jarys-тың мәреңсерген қатысушыларға медаль, ал әр қашықтықтағы әйелдер мен ерлер санатындағы жеңімпаздарға серіктестерден мадақтама қағаздар, ақшалай сертификаттар мен сыйлықтар беріледі.

Жарысты ұйымдастырушылар: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «Krida» фитнес-клубы және Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.

Jañalyqtar
Алматы облысында өтетін Tau Jarys сөресіне 1 500 қатысушы шығады
Серік Сәпиев пен Илья Ильин Astana Half Marathon жарысына параатлеттермен бірге қатысты
Astana Half Marathon 2026 шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд орнатты