Жарысқа дайындық – жүгіріп өтетін шақырымдар, қарқын және жаттығу жоспары ғана емес. Ағзаның физикалық жүктемеге қалай төтеп беретінін және жарыс жолына шықпас бұрын ескеру қажет қандай да бір шектеулердің бар-жоғын білу де маңызды. Бұл марафонға қатысушыларға ғана қатысты емес: 10 км және 21,1 км қашықтықтары да денсаулыққа мұқият қарауды талап етеді.

Денсаулық жағдайын тексерудің бір жолы – профилактикалық чек-аптан өту. Тексеру жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысын және спортпен айналысу үшін маңызды басқа да көрсеткіштерді бағалауға мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда дәрігерден тиісті ұсынымдар алуға болады.

15-ші мерейтойлық Almaty Marathon-ның ресми медициналық серіктестері дайындық деңгейі әртүрлі жүгірушілерге арналған бағдарламалар әзірледі. Негізгі нұсқаларды жинақтап, олардың айырмашылықтарын ұсынамыз.

StaminaLab – спортшыларды тестілеу орталығы.

Орталық Almaty Marathon 2026 қатысушыларына дайындық деңгейі әртүрлі жүгірушілерге арналған екі спорттық тестілеу бағдарламасына жеңілдік ұсынады. Екі бағдарлама да жеке жаттығу көрсеткіштерін анықтауға және жүктемеге қатысты ұсынымдар алуға көмектеседі.

Advanced спорттық чекапы спортпен жаңадан айналыса бастағандарға арналған.

Бағдарламаға не кіреді:

  • Пульс аймақтарын анықтау.
  • Аэробтық табалдырықты (АЭТ) анықтау.
  • Анаэробтық алмасу табалдырығын (ААТ) анықтау.
  • Оттегіні максималды тұтыну деңгейін (ОМТ) анықтау.
  • Спорттық сағаттарды калибрлеу.
  • InBody арқылы дене құрамын талдау.
  • Физиологтың консультациясы.

Ұзақтығы: 60 минут. Тренажерді таңдауға болады.

Құны: 30 000 ₸ орнына 28 500 ₸.

Функционалдық тестілеу – триатлоншыларға, жүгірушілерге және велосипедшілерге арналған кеңейтілген бағдарлама.

Бағдарламаға не кіреді:

  • Пульс аймақтарын анықтау.
  • Аэробтық табалдырықты (АЭТ) анықтау.
  • Анаэробтық алмасу табалдырығын (ААТ) анықтау.
  • Оттегіні максималды тұтыну деңгейін (ОМТ) анықтау.
  • Лактат қисығын құру.
  • Көмірсуларды есептеу.
  • Май жағу аймағын анықтау.
  • InBody арқылы дене құрамын талдау.
  • Спорттық сағаттарды дәл баптау.
  • Физиологтың консультациясы.

Ұзақтығы: 90 минут. Тренажерді таңдауға болады.

Құны: 45 000 ₸ орнына 42 750 ₸.

Мекенжайы: Гоголь көшесі, 1/11а.

Байланыс: +7 (778) 377 05 25.


Trinity Corp – спорттық медицина орталығы.

START чекапы жаттығуды енді бастауды жоспарлап жүргендерге немесе ұзақ үзілістен кейін спортқа қайта оралғандарға арналған. Бағдарлама физикалық жүктемені арттырмас бұрын жүрек, тыныс алу және жүйке жүйелерінің жағдайын бағалауға бағытталған.

Бағдарламаға не кіреді:

  1. Жүректің УДЗ-сы.
  2. Тыныштық күйіндегі ЭКГ.
  3. Тредмил-тест.
  4. Спорт дәрігерінің консультациясы.
  5. Спирография.
  6. ЭЭГ (30 минут).
  7. Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ-сы.
  8. InBody арқылы дене құрамын талдау – сыйлық ретінде.

Тексеру нәтижесінде қатысушы денсаулық жағдайының бағасын, жаттығулар мен пульс аймақтарына қатысты ұсынымдар алады.

Құны: 67 000 ₸ орнына 53 000 ₸.

Мекенжайы: әл-Фараби даңғылы, 128/8.

Байланыс: +7 (775) 849 55 55.


PIVATE HOSPITAL INTERNATIONAL ALMATY

«Жүрекке арналған бастапқы пакет» чек-апына жүрек-қантамыр жүйесін тексерудің негізгі түрлері және кардиолог консультациясы кіреді. Бағдарлама жүректің жағдайын бағалап, диагностика нәтижелерін дәрігермен талқылауға мүмкіндік береді.

Бағдарламаға мыналар кіреді:

  1. Кардиолог дәрігердің консультациясы.
  2. Электркардиография (ЭКГ).
  3. Эхокардиография (жүрек УДЗ-сі).

Құны: 54 000 ₸ орнына 30 000 ₸

Мекенжайы: Мирас ш/а, 45

Байланыс нөмірі: +7 (747) 359 46 03.

Бағдарламаны қалай таңдауға болады:

Егер жаттығу көрсеткіштері мен жүрек соғу жиілігі аймақтарын анықтағыңыз келсе, StaminaLab спорттық тестілеуіне назар аударған жөн. Спортпен енді айналыса бастағандарға немесе үзілістен кейін қайта оралғандарға Trinity Corp-тың кешенді бағдарламасы сәйкес келуі мүмкін. Ал негізгі мақсатыңыз – жүрек жағдайын тексеру болса, Private Hospital-дың бастапқы пакетін қарастыруға болады.

Егер қандай да бір шағымдар немесе созылмалы аурулар болса, не жүктеме деңгейіне қатысты күмән туындаса, тексеру бағдарламасын таңдауды дәрігермен талқылаған дұрыс. Чек-ап денсаулық жағдайы туралы ақпарат алуға көмектеседі, алайда жеке медициналық консультацияны алмастырмайды.

Jañalyqtar
Мемлекеттік қызметте жұмыс істеп, Бостон марафонында жеңіске жеткен танымал жапон жүгірушісі Алматыға келд
Жүгіру туризмі Алматыға миллиардтаған табыс әкеледі
Қашықтыққа дайынсыз ба? Almaty Marathon алдында қайда тексеруден өтуге болады?